«Өмірім 180 градусқа өзгерді»: 17 жыл бойы ел алдына шықпаған Сандуғаш Стамғазиева қазір қайда

Бүгінде Сандуғаш Стамғазиева әншілікпен айналыспаса да, өнер жолында шәкірт тәрбиелеп жүр

«Өмірім 180 градусқа өзгерді»: 17 жыл бойы ел алдына шықпаған Сандуғаш Стамғазиева қазір қайда
фото: әлеуметтік желіден
1362

2000 жылдары халықтың ең сүйікті әншілерінің бірі болған, Мейрамбек Беспаевпен бірге орындаған әндері кеңінен таралған белгілі орындаушы Сандуғаш Стамғазиева «Астарлы ақиқат» бағдарламасына келіп, қазір немен айналысатынын, сахнадан неге алыстап кеткенін айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Қоштасудың қиыны-ай», «Сен болмасаң» әндері арқылы көптің сүйіспеншіліген бөленген Сандуғаш Стамғазиева 17 жылдан соң сұхбат беріп, жеке өмірі және шығармашылығы туралы айтып берді. Әншінің айтуынша, бірнеше жыл бойы бала тәрбиесімен айналысқандықтан, үйде отырып қалған. Оның сахнадан алыстап кетуінің басты себебі де осы.

«Өмірім 180 градусқа өзгереді деп мен өзім ойлаған жоқпын. Бірақ дүниеге бала алып келгеннен кейін балаға жақсы тәрбие беру керек, үйде отыру керек. Екі қыз бала менде, ұл бала болса бір жөн. Қыз балаға жақсылап қарау керек. Қыздарым жиі ауыратын, сосын үйде отыруға тура келді», — деді ол.

Қазіргі таңда Сандуғаш Стамғазиева мен оның жары Алтынбек Қоразбаевтың қыздарының жасы 20-да және 18-де. Екеуі өнерден алыс емес, екі қызы да ән айтады, дейді Сандуғаш. Сұқбат барысында әнші әндері хит болған кездерді де еске алды.

«Мейрамбек екеуімізде той көп болды ол кезде. Кейде шатасып кетіп, тойға бармай қалған кездеріміз де болған. Аллаға шүкір, сол тойдың арқасында, халықтың арқасында, әнімізді айтып жүріп, жағдайымызды жасадық. Қазір әншілерді айтасыздар ғой, байсыздар деп. Сіздердің арқаларыңызда баймыз біз. Екі жылда үй алдым, бала кезімнен арманым еді. Алматының Таугүл деген жерінен ойып тұрып үй алдым. Үйімді алып, өніп-өстім. Құдайға шүкір», — дейді әнші.

Бүгінде Сандуғаш Стамғазиева әншілікпен айналыспаса да, өнер жолында шәкірт тәрбиелеп жүр. Ұстаздыққа бет бұруына да шығармашылығындағы тоқырау әсер еткен.

«Мен баламен отырған уақытта «біздің концертімізде адам толып кетті, концертімізге әніңіз келмейтін сияқты» деген сияқты сылтаулар болды. Өзім ойланып, «бұлай болмайды, қашанғы алақан жайып отыруым керек» дедім. Сол кезде шәкірт тәрбиелеп, ұстаздыққа бет бұрып кеттім. Ұстаздыққа бет бұруыма осы жағдай әсер етті», — дейді ол.

Серіктес жаңалықтары