Сондерс Головкинге ойлануға 10 күн уақыт берді

Сондерс Головкинге ойлануға 10 күн уақыт берді

Сондерс Головкинге ойлануға 10 күн уақыт берді
ашық дереккөзі
275

WBO тұжырымының чемпионы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен қазақстандық боксшы Генадий Головкинге ойлануға он күн уақыт берді. Бұл туралы  prosports.kz хабарлады. 

«Біз ұзақ уақыт бойы келіссөз жүргізудеміз. Не қол қою керек, не үндемеу керек. Головкин барлық белбеуді алғысы келетінін айтты. Одан сұрайтынымыз – келісімшартқа қол қою. Жекпе-жек уақыты мен өтетін жерін олар белгілейді. Алдағы он күннің ішінде келісімшартқа қол қойылмаса, біз әрі қарай өз жолымызбен жүреміз. Қаржылық мәселе анықталды, енді олар қол қоя ма, жоқ па белгісіз», - деп оның сөзін ESPN жеткізді.

Серіктес жаңалықтары