336
Қатты боран салдарынан еліміздің үш облысында жол қозғалысы шектелді
Қатты боран салдарынан еліміздің үш облысында жол қозғалысы шектелді
Қатты боран мен жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан еліміздің үш облысында жол қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында автокөлік жолдары жабық. Бұл туралы "Қазавтожол" кәсіпорынының баспасөз қызметіне сілтеме жасап sputniknews.kz хабарлады.
30 наурыз күні таңертең Қостанай облысында ауа райы қолайсыздығына (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді: Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (108-232 километр, Әулиекөл ауылынан бастап Ақмола облысы шекарасына дейін).
Ақмола облысында ауа райы қолайсыздығына (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді: Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (232-260 километр, Қостанай облысы шекарасынан бастап Сұрған аулына дейін), Жақсы-Есіл-Бұзылық (0-82 километр), Жезқазған-Петропавл (377-552 километр, Қостанай облысы шекарасынан бастап Сұрған аулына дейін), Екатеринбург-Алматы (856-917 километр, Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан бастап Жақсы аулына дейін).
Ақтөбе облысында ауа райы қолайсыздығына (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты келесі автожолдарда қозғалыс шектелді: Самара-Шымкент (753-835 километр, Ақтөбеден Хромтауға дейін жүк және қоғамдық көліктер үшін) және Ақтөбе-Ор (17-135 километр Пригородный-2 аулынан бастап РФ шекарасына дейін барлық көлік түрі үшін).