Жұлдыз Әбдікәрімова неліктен Мәскеуге ұшып кетпек болғанын түсіндірді

Актриса өз өмірін өзгертуге себепші болған туынды жайында сыр шертті.

Жұлдыз Әбдікәрімова неліктен Мәскеуге ұшып кетпек болғанын түсіндірді
сурет ашық дереккөзден алынды
1291

Қайрат Нұртастың жары «Возлюби болезнь свою» кітабы жайында пікір білдірген, деп хабарлады turkystan.kz.

«2022 жылы басымнан аумалы-төкпелі кезең өтіп жатты. Менің күйім балаларға да әсер етіп, бірінен кейін бірі ауыра беретін. Табиғатымнан тұйықтау болдым ба, ешкімнен ашылып кеңес те, көмек те сұрай алмайтынмын. Сол заманда қолыма бір кітап түсті. Көңілімнің күйі себеп болды ма, әлде кітапта жазылған шындық қатты батты ма, білмеймін, бастапқы 10 бетінен кейін тоқтап қалдым.  Кітап сөреде тұрды. Құдды бір ұрсып қалған адамымдай ашулана қараймын. Көзден таса жерге алып тастайын десем, оған дәтім бармайды.  Арада бірнеше күн өткеннен кейін, қайта кірістім. Содан тоқтай алмай, бір деммен оқып шықтым. Алған әсерді айтып жеткізу мүмкін емес. Автор жайлы ақпарат іздеп, Мәскеуге ұшып кетуге сәл қалдым», - деді актриса.

Оның мұндай күйін көрген қызы Сезім анасы қызыққан кітапты оқуға құмартқан.

«Сезім кітапты сұрап алды. Екі күннен кейін “…Мам, авторға барайықшы?”-деді. Мен Сезімді құшақтап, бір күні сәті түсіп, уақыты келер. Алдымен оқыған ақпаратты сіңіріп, жазылған кеңестерді қолданып көрейік дедім. Іштей автормен әйтеуір бір кездесерміз деген ойда қалғаным рас. Ол әйгілі В.Синельниковтың «Возлюби болезнь свою» кітабы еді. Осы кітаптаптан кейін өзіме де, өзгеге де басқаша қарайтын болдым. Көп жағдай реттеле кеткені рас.  Соның сәті түсіп тұр. 5 сәуір Астанаға Валерий Синельников келе жатыр екен. Билет алып қойдым. Бұйыртса оған дейін кітабын оқып алыңыздар да, бірге барайық», - делінген жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Жұлдыз Әбдікәрімованың Тәуекел Мүсліммен түскен видеосы тарағаны турады жазған едік.

Серіктес жаңалықтары