Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады
Елшілік қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде демонстрациялар мен митингілер туралы ақпарат таратудан бас тартуға шақырды

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға демонстрациялар мен митингілерге қатысудан аулақ болуды ескертті.
Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамыз. Сондай-ақ қырағылық танытып, ресми жаңалықтарды қадағалап, билік нұсқаулықтарын орындау маңызды. Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуды сұраймыз, — делінген елшілік хабарламасында.
Сонымен қатар елшілік қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде демонстрациялар мен митингілер туралы ақпарат таратудан, сондай-ақ ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке пікір білдіруден бас тартуға шақырды.
Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:
1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496
2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789