Қазақстанда күн қайта суытады
Синоптиктер жақын күндері аяз болатынын ескертеді.

Қазгидромет мамандары 25-27 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жақын күндері Қазақстанда екі атмосфералық процесс жүреді. Солтүстік және орталық өңірлерде антициклон өтеді. Ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Циклон оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерге ықпал етеді. Қар мен жаңбыр жаууы мүмкін, жел күшейіп, көктайғақ болады», - делінген хабарламада.
Басқа өңірлерде тұман түседі.
Өңірлердегі ауа температурасы:
Елдің батысында түнде 0-5 градусқа дейін аяз, күндіз 10-15 градус жылы. Оңтүстік-батыста түнде 0-8 градус, күндіз 8-15 градус жылы.
Солтүстік-батыста түнде 1-12 градус аяз, күндіз 3-12 градус жылы. Солтүстікте түнде 7-15 градус аяз, күндіз 3-12 градус жылы.
Орталықта түнде 0-17 градус аязғ түнде 4-12 градус жылы болады.
Шығыста түнде 10-18 градус аяз, күндіз 10 градус жылы болады.
Оңтүстік өңірлерде түнде 0-10 градус аяз, күндіз 1-13 градус жылы болады.