Кәріз құдығынан 6 жасар баланың денесі табылды

Кәріз құдығынан 6 жасар баланың денесі табылды

Кәріз құдығынан 6 жасар баланың денесі табылды
ашық дереккөзі
453
Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Нұресіл (бұрынғы Воздвиженка) ауылында жеке үйлердің жанындағы кәріз суының құдығынан 6 жасар баланың денесі табылды. Оқыс оқиғаны облыстық ІІД баспасөз қызметі растады деп хабарлайды 24.kz. Оқиға 3 сәуір күні болған. Мектепалды даярлық тобында оқитын бала күндізгі сағат 14:30 шамасында ойнауға шығып кетіп, содан оралмаған. Арада екі сағаттай уақыт өткен соң ата-анасы балаларын іздеуге шығады. Полицейлердің айтуынша, олар баланың жоғалып кеткені жайлы Ішкі істер органдарына хабарламаған. Іздеу жұмыстарын өз беттерінше жүргізген. Осылайша ата-анасы мен көршілері баланың денесін Атамекен көшесінің бойындағы тереңдігі 2 метрлік кәріз суының құдығынан тапқан. Құдық тиесілі үйде ешкім тұрмайтындықтан, оған қар суы жиналып қалған екен. Ал қақпағы ашық болған. Құдықтан сондай-ақ баланың резеңке добы да табылған. «Бала доппен ойнап жүріп, құдыққа құлап кетіп, суға тұншығып көз жұмған болуы мүмкін», - дейді мамандар. Қазір аталған оқиғаға байланысты жергілікті жерде тексеру және тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары