Азаматтық қорғаныс полковнигі қамауға алынды

Азаматтық қорғаныс полковнигі қамауға алынды

Азаматтық қорғаныс полковнигі қамауға алынды
ашық дереккөзі
389
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Қарағанды облыстық  департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі В.Магамадовтың жемқорлығы әшкереленді деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында Магамадовтың өз өкілеттігін асыра пайдаланып, кәсіпкерлік субъектілердің өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушылықтары анықталған кездегі айыппұлдардың сомасын қасақана төмендеткен, сонымен бірге ұйғарымдардың орындалу мерзімін созғаны үшін заңсыз сыйақы алған. «Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Магамадов кәсіпкерден 200 мың теңге пара алу барысында ұсталып, Қарағанды қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары