Ауыл мектебіне барған Бердібек Сапарбаев оқушылардан ұялды

Ауыл мектебіне барған Бердібек Сапарбаев оқушылардан ұялды

Ауыл мектебіне барған Бердібек Сапарбаев оқушылардан ұялды
ашық дереккөзі
310

Жұмыс сапарымен Алға ауданы Тоқмансай ауылына барған Бердібек Сапарбаев мұндағы орта мектепті аралап шығып, оқушыларының бетіне қарай алмайтынын жеткізді. Бұл туралы aktobenews.kz хабарлады. 

«Мектептің төбесінен су кетіп тұр. Бұрыштарға шелек қойылған. Мынау не масқара? Балалардың бетіне қалай қараймыз? Оқушылардан ұят», - деді ол білім беру мекемесін аралап жүріп.
Облыс басшысы спорт залына кіріп, сықырлаған еденін көріп одан сайын шошыды.
«Балалар бір күні болмаса бір күні аяқтарын сындырады. Біз қай ғасырда өмір сүреміз. Өткен ғасыр емес қой», — деді ол мектеп директоры мен ауыл шенділерінің алдында. Түстен кейін облыс басшысы аудан активімен болған кездесуде Тоқмансай ауылындағы мектептің шатырын жабуға, өзге де шаруашылық жұмыстарына биыл 35 миллион теңге бөлінетіндігін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары