Талды стансасының оқушылары WhatsApp арқылы сабақ оқып жүр

Талды стансасының оқушылары WhatsApp арқылы сабақ оқып жүр

Талды стансасының оқушылары WhatsApp арқылы сабақ оқып жүр
ашық дереккөзі
228

Шығыс Қазақстан облысындағы Талды стансасының оқушылары бір жұмадан бері сабаққа қатыса алмай жүр деп хабарлайды 24 арна.

 Теміржолшылардың балалары 17 шақырымдағы Шақаман ауылындағы мектепке шағын автобуспен тасымалданатын еді. Күн жылынып, қар ерігелі екі арада қатынас тоқтап қалған. Ал 90-ға жуық тұрғыны бар стансаның өзін кешеден бері қарғын су әбігерге түсіріп жатыр.
«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясының 100-ден астам адамы бар жұмыс бригадасы жедел іс-қимылдың нәтижесінде жағдайды бақылауға алды. Қазіргі үйілген топырақ нығайтылып жатыр. Еріген су 7 аулаға кірген. Шамамен 300-дей ірі қара және ұсақ мал басы қауіпсіз жерге шығарылды. Тұрғындар басқа жаққа көшуден бас тартқан. "85 адамның ішінде 17 оқушы бар. Осы Шақаман ауылында оқиды. Мектептегі автобус арқылы тасымалданады. IV тоқсан басталғалы келе алмай жатыр. Өйткені батпақ, жол талғамайтын көліктің өзі өте алмай жатыр. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұр", - дейді  Достық ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Данияр Айдарбаев. "Бізде пән мұғалімдері және сынып жетекшілері ата-аналармен, оқушылармен тығыз байланыста болады. Үй телефоны және ұялы телефон арқылы тапсырмалар беріледі. Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларымен WhatsApp арқылы тапсырмалар беріліп отырады. Сол WhatsApp арқылы жауаптары тексеріліп отырады",- дейді Шақаман орта мектебі директорының орынбасары Гүлнар Мұқанова.

Серіктес жаңалықтары