Стокгольмдегі теракт ДАИШ тапсырмасымен жасалған

Стокгольмдегі теракт ДАИШ тапсырмасымен жасалған

Стокгольмдегі теракт ДАИШ тапсырмасымен жасалған
ашық дереккөзі
195
Швецияның астанасында болған теракт ісі бойынша тұтқындалған өзбекстандық Рахмат Акилов Кроноберг уақытша қамау оқшаулағышындағы (Кунгсхольмен ауданы) тергеу барысында өз кінәсін толықтай мойындады. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Тергеу барысында тұтқындалушының «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жақтасы және мұсылман екендігі анықталды. «Сириядағы бомбалау тоқтатылуы керек», - деп мәлімдеді ол, терактіні өткізу туралы бұйрықты аталмыш елдегі экстремистерден алғанын айта келе. Басылым дереккөзінің айтуынша, Акилов Стокгольмде «адасушыларды басып өткенін» мәлімдеген. Еске сала кетейік, 7 сәуір күні Spendrups компаниясына тиесілі  жүк көлігімен белгісіз біреу Стокгольм орталығындағы Дроттнинггатан көшесінде 550 метр жол жүріп, адамдарды басып өткен. Полицияның дерегі бойынша, 15 адам жарақат алып, төртеуі қаза тапқан. Прокуратура теракт ісі бойынша екі адамды тұтқындады.  

Серіктес жаңалықтары