Қазақ ғарышкерлеріне арналған кітап жарыққа шықты

Қазақ ғарышкерлеріне арналған кітап жарыққа шықты

Қазақ ғарышкерлеріне арналған кітап жарыққа шықты
ашық дереккөзі
981
Елімізде ғарышкерлер күні қарсаңында ғарышты бағындырған қазақстандықтар жайлы жаңа кітап жарық көрді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Ғарышқа сапар шеккен қазақ азаматтарына арналған тың туындының тұсауы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде кесілді. Жаңа кітапқа Халық қаһармандары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтың әр жылдары аспан әлеміне аттанып, ел мерейін үстем еткен тарихи сәттері арқау болған. Кітаптың авторы Сара Қабиқызының айтуынша, кітап ақпараттық бағытта жазылып, естен кетпес оқиғалардан сыр шертеді екен. Айта кетейік, екі күннен кейін елімізде ғарышкерлер мерекесі тойланады. Атаулы датаға орай сала ардагерлері құрмет биігіне көтеріліп, үздік қызметкерлер марапатталды. Сондай-ақ, ғарыш өнеркәсібіндегі серіктес ел өкілдері тарапынан құттықтау хат оқылды. «Қазақстанның ғарышкерлері деген. Біздің Тоқтар ағамыз туралы, Талғат ағамыз, Айдын туралы олардың туған жерінен бастап, қалай ұшқандары, жанұялары ақпараттың бәрі бар. Бұл ақпаратты интернеттен алдық, сол жерден ресми ақпарат алып, өздерінен алып кітапша шығардық», – дейді кітап авторы Сара Қабиқызы.

Серіктес жаңалықтары