В.Путин жайлы материалы үшін The New York Times газетіне Пулитцер сыйлығы берілді

В.Путин жайлы материалы үшін The New York Times газетіне Пулитцер сыйлығы берілді

В.Путин жайлы материалы үшін The New York Times газетіне Пулитцер сыйлығы берілді
ашық дереккөзі
232
Нью-Йорктің Колумбия университетінде журналистикадағы, әдебиеттегі, музыка мен театрдағы жетістіктер үшін берілетін Пулитцер сыйлығының лауреаттары жарияланды. Бұл туралы «Коммерсант» басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Халықаралық журналистика саласында бұл сыйлықты Ресей президенті Владимир Путин туралы жарияланым үшін The New York Times  газеті жеңіп алды. Ұлттық тақырыптарды ашқаны үшін Пулитцер сыйлығы The Washington Post журналисі Дэвид Фарентолдке берілді. Өз материалында Фарентолд АҚШ президенті Дональд Трамптың қайырымдылық ұйымдарына жәрдемдескен жомарттығына шүбә келтіреді. Көркем сын үшін аталған сыйлықты театр қойылымдары жөнінде бірнеше материал жазған The New Yorker журналисі Хилтон Элс алды. Қоғамға қызмет еткені үшін номинациясы бойынша жүлдені New York Daily News және ProPublica басылымдары бөліп алды. Олар полиция қызметкерлерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын жариялаған еді. Көрнекті журналистік зерттеу үшін Пулитцер сыйлығы Charleston Gazette-Mail қызметкері Эрика Эйрге табысталды. Оның материалдары АҚШ бойынша нашақорлық мендеп тұрған Батыс Вирджинияға есірткі заттарын тасымалдауға арналған. Айта кетейік, Пулитцер сыйлығы - журналистика мен әдебиет саласындағы беделді сыйлықтардың бірі. Сыйлық 21 номинация бойынша беріледі.  

Серіктес жаңалықтары