БЖЗҚ Telegram-да ақпараттық арнасын іске қосты

БЖЗҚ Telegram-да ақпараттық арнасын іске қосты

БЖЗҚ Telegram-да ақпараттық арнасын іске қосты
ашық дереккөзі
284
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Telegram-да өзінің ресми ақпараттық арнасын іске қосты. Енді қазақстандықтарға зйейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі жайлы жаңалықтарды қарау оңай бола түседі. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы хабарлайды.  «БЖЗҚ» АҚ өз қызметінің ашықтығын арттыруға, көрсететін қызметтерінің сапасын жақсартуға және азаматтар үшін ақпарат алудың қосымша ыңғайлы арнасын жасауға ұмтылуда. Азаматтарға ақпарат берудің қосымша арналарының бірі – Қордың Telegram-дағы ресми арнасы. Енді арнаның әрбір оқырманы Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, жақын болашақта енгізілетін жаңа енгізілімдер және БЖЗҚ қызметі туралы маңызды ақпараттарды шұғыл түрде ала алады. Арнаға жазылу үшін ең алдымен компьютерге орнатылған «Telegram Desktop» бағдарламасында немесе Android, iOS, Windows Phone секілді танымал платформаларға бейімдетілген смартфондағы Telegram мессенджерінің ұялы қосымшасына орнатылған web.telegram.org («Web Telegram» – сервистің атауы) сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Telegram тегін таратылады. Компьютерге бағдарлама немесе смартфонға ұялы қосымша орнатылған соң авторлануыңыз керек болады. Бұл барлық мессенджерлер үшін стандартты рәсім – аккаунт (есептік тіркелім) телефон нөміріне байланыстырылады, ал верификация (растау) өзіңіз көрсеткен нөмірге SMS-хабарлама арқылы келіп түсетін код бойынша жүзеге асырылады. «БЖЗҚ» АҚ телеграм-арнасына жазылу үшін компьютер немесе ұялы телефондағы браузер арқылы https://telegram.me/enpfkz сілтемесіне басу керек. Сілтемені таңдаған әдісіңіз бойынша «Web Telegram» сілтемесі, «Telegram Desktop» бағдарламасы немесе ұялы қосымша арқылы ашуға болады. Бұдан кейін «Join» («Қосылу») түймешігін бассаңыз жеткілікті. Бірақ екінші жолы да бар: Telegram-да іздеу белгішесін басып, арнайы жолға «enpfkz» немесе «АО ЕНПФ» атауын енгізу керек. Бағдарлама қажетті арнаны өзі табады. Соған кіріп, «Join» түймешігін басу қажет. Айта кетелік, қазақстандықтар зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы маңызды ақпараттарды Қордың www.enpf.kz ресми сайты, одан басқа Қордың Facebook, ВКонтакте, Twitter, Одноклассники және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалары, сондай-ақ ENPF ұялы қосымшасы арқылы да ала алады. Құпиялық мәртебесі жоқ барлық басқа сұрақтар бойынша салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ кеңсесіне өздері келіп өтініш жасағанда және 1418 тегін телефон нөмірі, әлеуметтік желілер, Қордың ресми сайтындағы «кері байланыс» және онлайн-чат нысандары арқылы кеңес алуларына болады.

Серіктес жаңалықтары