Келер жылы сұйылтылған газ бағасы мемлекеттік реттеуден алынбақ

Келер жылы сұйылтылған газ бағасы мемлекеттік реттеуден алынбақ

Келер жылы сұйылтылған газ бағасы мемлекеттік реттеуден алынбақ
ашық дереккөзі
279
Қазақстан мен көрші елдердегі газ бағасының айырмашығы айтарлықтай деңгейде. Сондықтан газ контрабандасына жол беріліп, Қазақстан газы заңсыз шекара асып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы Зияш Қияқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Астана арнасы. Энергетика министрлігінің деректеріне жүгінсек, көршілес Ресейде сұйытылған газдың көтерме бағасы тоннасына 125 мың теңге, ал Тәжікстан нарығында 107 100 теңгені құрайды. Ал біздегі баға тоннасына 31 360 теңге болып тұр. Мамандар болса бағадағы мұндай айырмашылық ішкі нарықты газбен қамтып отырған өндірушілер үшін тиімсіз. Онда газ өндірудің өзіндік құны тоннасына 32 мың мен 47 мың теңге аралығында. Министрлік келесі жылдан бастап сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеуден алып, еркін саудаға шығаруды жоспарлап отыр. «Біз оған кезең-кезеңімен өтетін боламыз. Ол 2-2,5 жарым жыл уақытты алады. 2018 жылы бастап 80-де 20 пайыз есебімен жүреді, яғни 20 пайызы нарық бағасымен сатылады. Кейін 50 де 50, соңғы жылы 100 пайыз мемлекеттік реттеуден алынады. Біздің жоспарымыз осындай. Бұған өзгерістер де енуі мүмкін», – дейді ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры   Зияш Қияқбаев.

Серіктес жаңалықтары