БҚО-да су тасқынынан 83 киік қырылды

БҚО-да су тасқынынан 83 киік қырылды

БҚО-да су тасқынынан 83 киік қырылды
ашық дереккөзі
448
Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуы тағы да тіркеліп отыр. Бұл жолы «Қызыл кітапқа» енген осынау жануарлардың 83 өлексесі табылды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап sn.kz хабарлады. 
Мамандардың айтуынша, киіктер ешқандай аурудың емес, тасқын судың құрбаны болған. «2017 жылғы 6 сәуірде БҚО Борсы ауылдық округының Жәнібек ауданында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Орал өңірлік филиалының инспекторлық тобының қорғау шараларын өткізу кезінде және Орал таралымы киіктерінің мекендейтін орнын тексеру барысында өлі жануарлардың ұшасы табылған. Жалпы өлі жануарлардың саны 83 киіктің ұшасын құрады. Барлық ұшалар Ащыөзек өзенінен табылды. Борсы ауылдық округының ветеринарлық қызметімен патологоанатомиялық тексеру жұмыстары жүргізілді. Оқ тиген жердің жарақаттар, механикалық зақымданулар мен жарақатар анықталмады. Алдын ала болжам бойынша киіктердің өлімі қысқы-көктемгі кезеңде мұздардың еруі барысында өзеннен өткен кезде болған. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Орал өңірлік филиалының инспекторларымен және Борсы ауылдық округтың тұрғындарын жұмылдыру арқылы киіктерді ветеринарлық нормаларды сақтау арқылы көму жұмыстары жүргізілді», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Айта кетейік, алдыңғы жылы елімізде белгісіз кеселдің салдарынан 110 мыңнан астам киік қырылып қалған болатын. Қоғам белсенділері мұны Ресейдің «Протон» зымырандары бөліп шығарған гептилден десе, ресми органдар пастереллез ауруынан деп отыр.

Серіктес жаңалықтары