7 мемлекеттің елшісі Президентке сенім грамотасын тапсырды

7 мемлекеттің елшісі Президентке сенім грамотасын тапсырды

7 мемлекеттің елшісі Президентке сенім грамотасын тапсырды
ашық дереккөзі
225
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар шетел елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сіздер Қазақстандағы қызметтеріңізді мемлекетіміз үшін өте бір маңызды кезеңде бастағалы отырсыздар. Қаңтар айында мен халыққа арнаған Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруын қамтамасыз ету міндетін белгіледім. Күш-жігерімізді елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өісімнің жаңа моделін құруға бағыттайтындығымызды айттық», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Елбасы биылғы 10-шы наурызда ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы Заңға қол қоюы еліміз үшін тағы бір маңызды оқиға болғанын еске салып өтті. «Соңғы түзетулерге сәйкес Президенттің бірқатар өкілеттіктері биліктің басқа тармақтарына беріледі. Конституциялық құрылымның ел егемендігі мен тәуелсіздігінің мызғымас кепілдігін нығайтуға, демократия жүйесінің тарауына мүмкіншілік ашады деп сенеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен Қазақстан Президентіне Марокко Корольдігінің елшісі Абделжалил Собри, Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс, Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі Мухаммед Ахмед Султан Иса аль-Джабер, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези, Малайзия елшісі Дато Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман, Грузия елшісі Зураб Абашидзе, Моңғолия елшісі Лувсан Баттулга сенім грамотасын табыс етті.  

Серіктес жаңалықтары