Қазақстандықтарды террорлық топқа қосылуға үгіттеген 6 адам іздестірілуде

Қазақстандықтарды террорлық топқа қосылуға үгіттеген 6 адам іздестірілуде

Қазақстандықтарды террорлық топқа қосылуға үгіттеген 6 адам іздестірілуде
ашық дереккөзі
193
Қарағанды облысында жергілікті тұрғындарды террорлық топқа қосылуға үгіттеген деген күдікпен алты адам іздестірілуде. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Аймақ полициясы 23-33 жас аралығындағы алты адамның есімдері мен суреттерін жариялады. Қылмыстық топты 24 жастағы Дәулетхан Әміржанов пен 23 жастағы Дмитрий Коструб басқарады делінген. Полиция мәліметі бойынша, іздеудегілердің барлығы біраз уақыт Теміртау қаласында тұрған. Облыстық полиция мәліметіне қарағанда, бұларға қатысты "террорлық топ құру, басқару" және "кісі тарту" фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған. Істі Теміртау қалалық полициясы жүргізеді, деп хабарлады Қарағанды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары