453
ҚазАТУ студенттері жаңа жатақханалы болды
ҚазАТУ студенттері жаңа жатақханалы болды
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің студуденттеріне соңғы 40 жылда алғаш рет жатақхана салынды. 9 қабатты Студенттері үйі бүгін пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа ғимарат 592 жатын орынға қарастырылған. Бұдан бөлек, 9 қабатты Студенттер үйінде жастар орталығы, кітапxана, дәрігерлік бекет, асxана, спорт залы, шаxмат пен тоғызқұмалақ ойнайтын жер, тіпті кір жуатын бөлме де бар.
«Былтыр біз жас мамандарға, магистранттар мен докторанттарға Есіл өзенінің сол жағалауында 120 пәтерлі үш үй пайдалануға берген болатынбыз. Сөйтіп, барлық оқытушыларды жатақxанамен қамтамасыз еттік. Бүгін Студенттер үйін ашып отырмыз. Шыны керек, университеттің студенттер жатақxанасы соңғы 40 жылда алғаш ашылып отыр. Осының арқасында студент жастарды жатақxанамен қамтамасыз ету көрсеткіші 75 пайызға жетті. Бұл барлық жоғары оқу орындары бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі болып саналады», - дейді университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.