Жапониялық турист Шымкент қонақүйінде жантәсілім етті

Жапониялық турист Шымкент қонақүйінде жантәсілім етті

Жапониялық турист Шымкент қонақүйінде жантәсілім етті
ашық дереккөзі
288
Шымкенттегі қонақүйлердің бірінен елімізге саяхаттап келген Жапон елі азаматының денесі табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Белгілі болғандай, Жапон елінен оңтүстікке бір топ турист келген. Олар бір күн бұрын Түркістан шаһары мен Арыстан баб кесенелерін аралап келеді. Келесі күні өзге аудандарға саяхат жасауға шыққанда 69 жастағы жапондық жиналатын орынға келмей қалыпты. Саяхатшылардың бірі  бөлмесіне барып қараса, алпысты алқымдаған азамат жан тәсілім еткенін көрген. Дереу қонақүйдің қожайындары мен тәртіп сақшыларын шақыртқан. «Мәйітте зорлық көрсетудің белгілері анықталмаған. Соған қарамастан бірнеше сот-медициналық сарапталар тағайындалды. Қазір шетелдіктің неден қайтыс болғанын Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері айналысуда», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Сыпабек Жарқынбеков.  

Серіктес жаңалықтары