286
Алуа Қонарова: Димаштың Қытайда қалғаны жөн
Алуа Қонарова: Димаштың Қытайда қалғаны жөн
Белгілі қазақстандық продюсер Алуа Қонарова Димаш Құдайберген бұдан да биік нәтижелерге жетуі үшін Қытайда қалып, шығармашылығын сол жақта шыңдауы қажет деп есептейді. Бұл туралы продюсер «NewTimes.kz» басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады NUR.KZ.
Алуа Қонарова Димаштың тасы өрге домалауы үшін оның Қазақстанда қалмағаны жөн деп санайды. Ол Димаштың имиджін, киіну стилін өзгертіп, оған лайықты ән жазып, елді қызықтыра алған қытайлық продюсерлердің шеберлігін сөз етті. Оның айтуынша, Қазақстанда Димашқа лайықты бір де бір авторлық ән жазылмаған. "Бізде Қазақстанда оның барлық вокалдық қабілетін тиісінше ашып беретін авторлық ән жаза алмады. Оны имидж бен репертуар жөнінен дұрыс бағыттап отыр. Қытайда оған Арай Айдархан есімді қандасымыз көмек беріп жатқанын білемін.Қазақстанда Димаш ешқандай продюсердің көмегіне жүгінген жоқ. Қателеспесем, жалғыз өзі жұмыс істеді. Шынымды айтсам, бұған дейін онымен көптеген шараларда кездескен болатынбыз. Білуімше, оның өз әні болмады. Себебі, менеджмент болмады. Онымен әкесі айналысты, нақтысын білмеймін", - деді ол.