Ақтөбелік имамдар құдайы тамақ кезінде ысырапқа жол бермеудің жолын тапты

Ақтөбелік имамдар құдайы тамақ кезінде ысырапқа жол бермеудің жолын тапты

Ақтөбелік имамдар құдайы тамақ кезінде ысырапқа жол бермеудің жолын тапты
ашық дереккөзі
264
Ақтөбелік имамдар құдайы тамақ кезінде ысырапқа жол бермеудің амалын қарастыруда. Олар "шағын ас мәзірін" ұсынды. Кешеден бастап ол орталық "Нұрғасыр" мешітінде қолданыла бастады. Сentralasian.org сайтының хабарлауынша, "шағын ас мәзіріне" қазақтың ұлттық тағамдары енген 
"Мұндай ас мәзірін бекіту үшін, біз облыстың барлық аудандарын аралап шықтық. 1 230 адамның пікірін тыңдадық. Олардың 85 пайызы құдайы тамақ кезінде ысырап көп болатынын айтты", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Төлеби Оспанов. Ас мәзірі жергілікті мейрамханалар мен кафелерде қолдану жоспарда бар. Ал облыс имамдары болса ысырап жасауға болмайтыны туралы үгіт жүргізеді. "Облыстық мешіттегі асханада 100 адамға 170 мың теңге (шамамен 550 доллар) кетеді. Соның 105 мың теңгесі азық-түлікке жұмсалады. Ал жергілікті мейрамханалар 100 адамға арналған құдайы тамаққа кем дегенде 300-400 мың теңге алады", - деді "Нұрғасыр" мешітінің ақсақалы Бекежан қажы Аханұлы. Мұндай ұсыныс діни рәсімдер мен ұлттық дәстүрді біріктіруге арналған конференцияда айтылды. Жиын соңында имамдар ысырапшылдықпен күресуге келісті.

Серіктес жаңалықтары