Ақтөбе қаласында 300-ге жуық саяжай су астында қалды

Ақтөбе қаласында 300-ге жуық саяжай су астында қалды

Ақтөбе қаласында 300-ге жуық саяжай су астында қалды
ашық дереккөзі
1284

Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды. Мамандар өңірде мұндай тасқын 19 жылдан бері болмағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қазіргі кезде 290 саяжай мен аула суға кетті. Бау-бақша ұжымындағы 5 үй құлап қалған. Барлығы 700-ден астам адам эвакуацияланып, құтқарылды. Олардың арасында балалар мен мүгедек адамдар да бар.

Эвакуацияланған адамдарды уақытша қоныстандыру үшін 12 бекет жұмыс істер тұр. Орта мектептерде 200-ге жуық адам қоныстанды. Қалғандары тума-туыстарының үйіне кетті», — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Бүгін қала әкімі төтенше жағдай қызметкерлеріне жағдай ушығып кетпес үшін құтқару жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
"Қоғамдық тәртіпті қатаң түрде назарда ұстаңыздар. Дүние-мүліктерге күзет қойыңыздар - тонауға жол бермеңіздер. Келітірілген шығынды есептейтін арнайы комиссия құрыңыздар", - деді қала әкімі Ільяс Испанов.

Серіктес жаңалықтары