Шымкенттік байкерлер «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай мотошеруге шықты

Шымкенттік байкерлер «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай мотошеруге шықты

Шымкенттік байкерлер «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай мотошеруге шықты
ашық дереккөзі
203
​Оңтүстік Қазақстан облысының байкерлері кезекті маусымды мотошерумен бастады. «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған Шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды көршілес мемлекеттердің мотоциклистері арнайы келген. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап egemen.kz хабарлады. Шымкент қаласының көшелерін аралап, «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттаған  автошабандоздар өздеріне тән ережелер мен қағидаларды жұрт назарына ұсынды. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы №3 жетім балалар үйіне арнайы барып, қайырымдылық шарасына атсалысты. Оңтүстік Қазастан байкерлер федерациясының президенті Рүстем Базарбековтің  айтуынша, 29 мамыр күні  оңтүстікқазақстандық 10 байкер ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне республикалық мотошеру ұйымдастырмақ.  Шымкент қаласынан бастау алатын мотошерудің мақсаты – ЭКСПО көрмесін республика жұртына кеңінен насихаттау. «Мотошеру 29 мамырда Шымкенттен бастау алады. Біздің бұл идеямызға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қолдау білдіріп отыр.   Ең алдымен біз рухани астанамыз-Түркістан қаласына сосын Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау қалалары арқылы елорда да өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына кіріп барғалы отырмыз», - дейді  Оңтүстік Қазастан облыстық мотоциклистер федерациясының президенті Рүстем Базарбеков. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында мотоспортқа қызығушылық танытып, байкер атанғандардың саны 300-ге жуықтайды. Олар жыл сайын облыстағы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, жастарды спортқа баулуға, салауатты өмір салтын ұстануға атсалысуда.

Серіктес жаңалықтары