Алматыда Қарулы Күштердегі әйелдер кеңесінің жұмысы талқыланды

Алматыда Қарулы Күштердегі әйелдер кеңесінің жұмысы талқыланды

Алматыда Қарулы Күштердегі әйелдер кеңесінің жұмысы талқыланды
ашық дереккөзі
651
Алматыда ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы базасында Қазақстанның Қарулы Күштерінде әйелдер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша кеңес өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. ҚР Қорғаныс министрлігі әйелдер кеңесінің өкілдері әскери қызметшілер мен олардың отбасылары тұрып жатқан әскери қалашықтар мен жатақханаларды аралап шығып, назар аудару қажет өзекті мәселелерді атап өтіп, бірқатар кездесулер өткізді. Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әйелдер кеңесі әскери қызметшілердің отбасыларымен белсенді өзара іс-әрекеттегі жұмыс жасайды. Олар әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің моральдық-психологиялық жағдайының мониторингісін жүргізеді, оларға практикалық көмек көрсету және проблемалық мәселелерді шешу бойынша шараларды іске асырады. Ретке келтірілген кешенді жүйелі жұмыс шеңберінде ұдайы негізде Ашық есік күндері, қолбасшылықтың әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесулері ұйымдастырылады. Онда әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы, яғни, әскери қызметшілердің әйелдерін жұмысқа орналастыру, балаларды мектепке және  балабақшаға беру сынды мәселелер талқыланады және шешіледі.

Серіктес жаңалықтары