Сандыққа жасырған ақшасын жымқырған келінді енесі сотқа сүйреді

Сандыққа жасырған ақшасын жымқырған келінді енесі сотқа сүйреді

Сандыққа жасырған ақшасын жымқырған келінді енесі сотқа сүйреді
ашық дереккөзі
274

Қызылорда облысының Қазалы ауданында  енесінің сандыққа тыққан ірі көлемдегі қаражатын қжымқырған келін бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Baq.kz хабарлады. 

 Келіні үйінің ауласындағы сарайда тұрған енесінің сандығынан ірі көлемде ақша ұрлаған. Ол сандықтың құлпын кілтпен ашып, ішінде тұрған 3 200 000 теңге ақшаны жымқырған. Келіннің әрекетін жәбірленуші мен куәгерлер де растады. Сотта келіні енесінің ақшасын алғанын өзі де мойындады.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған қатысты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза сол мерзімге шартты деп есептеліп, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Серіктес жаңалықтары