Есірткі сатпақ болған азамат ұсталды

Есірткі сатпақ болған азамат ұсталды

Есірткі сатпақ болған азамат ұсталды
ашық дереккөзі
168
Жамбыл облысында ең ірі көлемде есірткі заты тәркіленді, – деп хабарлайды Астана арнасы. Арнаның хабарлауынша, Жамбыл облысы, Меркі ауданының орталығында тұратын 34 жастағы азаматтан 20 келіге жуық героин табылған. Құзырлы орган қызметі есірткі затын тұрғынның үйін тінту кезінде тәркілеп отыр. Тексеру барысында күдікті азаматтың 10 жылдан астам уақыт осы кәсіп арқылы нанын тауып келгені анықталды. Айта кетейік, 34 жастағы азамат бұл әрекеті үшін бұрын сотты да болған. Заңсыз жолмен пайда табуды көздеген күдікті кезекті партияны жасап жатқан жерінен қолға түскен. Күдікті  өз кінәсін толық мойындаған. Тергеу кезінде күдікті азамат тыйым салынған ұнтақтарды сату мақсатында әзірлегенін жасырмаған. «Жыл басынан бергі үлкен деректердің жаңағы 7-ші дерегі болып есептеледі. Бұл қазіргі қара нарыққа келетін болсақ, оның бір  келісі 1 мың доллардан жоғары тұрады. Аса ауыр қылмыстың санатына жатады. Ол жерде 7 жылдан 12 жылға дейін сотталады», – дейді  Жамбыл облысы ІІД ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат  Әлметов.

Серіктес жаңалықтары