Шипажайлардың бірыңғай тізімі әзірленуде

Шипажайлардың бірыңғай тізімі әзірленуде

Шипажайлардың бірыңғай тізімі әзірленуде
ашық дереккөзі
258
Елімізде шипажайларда ем қабылдау өте қымбат. Бұл мәселені шешу үшін көрсететін қызметіне қарай емдеу орталықтарына бірыңғай баға бекіту көзделіп отыр, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Бүгін «Шипажай-2017» халықаралық форумында ұлттық курорттық қауымдастықтың президенті осындай мәселе көтерді. Айгүл Қайыргелдина түйткілді шешу мақсатында қазір еліміздегі шипажайлардың бірыңғай тізімі әзірленіп жатқанын тілге тиек етті. Бірақ жұмысты жүйелі жүргізу үшін шипажайлар ұлттық курорттық қауымдастықтың құрамына кіруі тиіс. Сонда ғана олардың қызмет көрсету бағасы бекітіліп, деңгейіне қарай арнайы санат беріледі. «Мүмкін шипажайлардың санын көбейту қажет емес шығар. Бірақ оларды басқаратын бірыңай жүйе жасақтау қажет. Алдымен қызмет көрсету, медициналық және сауықтыру бағдарламаларын түзу керек. Әрине шипажайлардағы емдік шараларын медициналық көмектің бір түрі ретінде қарастыру үшін заңға да бірқатар өзгерістер енгізуге тура келеді», – дейді   ҚР Президентінің Іс Басқармасы медициналық орталығының басшысы Валерий Бенберин. Сондай-ақ, мамандар курорттық іске үйрететін институт ашу керек деп санайды. Себебі елімізде осы салада жұмыс істейтін менеджерлерді дайындамайды. Айта кетейік, сауықтыру орталықтарының дамыту мәселесі талқыланып жатқан форум ертең де жалғасады. Халықаралық шараға Венгрия, Болгария, Италия, Чехия, Ресей елінен келген сала мамандары қатысып жатыр. «Қазір елімізде дәрігерлерді оқытуға аса мән беріліп отыр. Бірақ курорттық салада жұмыс істейтін менеджерлерді дайындамаймыз. Сондықтан осы сала мамандарын оқыту керек. Олар ел азаматтары мен шетелден келетін қонақтарға сапалы көмек көрсетуі қажет», – дейді  Қазақстанның ұлттық курорттық қауымдастығының президенті Саягүл Қайыргельдина.

Серіктес жаңалықтары