374
Еуропалықтар мобильдік қосымша арқылы жеңілдікпен тамақтана алады
Еуропалықтар мобильдік қосымша арқылы жеңілдікпен тамақтана алады
Еуропа елдерінде азық-түлік қалдықтарын азайтуды көздейтін мобильді қосымша пайда болды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Жаңа мобильды қосымшаны қолданушылар дәмхана мен мейрамханадан жеңілдікпен тамақтана алады. Көбіне жеңілдіктер дәмхана жабылардың алдында жасалады. Яғни, олар артылған асты ысырап етпес үшін қосымшаға жүктеп, бірнеше есе арзан бағаға сатады.
Бүгінде қосымша Кәрі құрлықтың Ұлыбритания, Германия Франция және Дания мемлекеттерінде кәдеге жарап тұр. Енді жоба авторлары оны АҚШ-та да қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.
«Бір күні мейрамханада отырып, көп тамақтың артылып қалғанын байқадым. Сосын даяшыдан артылған асты не істейтінін сұрадым. Сөйтсем барлығын қоқысқа тастайды екен. Мейрамханалардың көбінде солай екенін көріп ойлана бастадым. Кейбір елдердің халқы бір үзім нанға зәру. Сондықтан азық-түлік ысырап болмауы керек деп ұйғардым», – дейді Too Good to Go директоры Томас Бьорн Момсен.