328
Су тасқыны республикалық маңызы бар жолдарға залал келтірді
Су тасқыны республикалық маңызы бар жолдарға залал келтірді
Елімізде республикалық маңызы бар жолдарға көктемгі су тасқыны айтарықтай залал келтірді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Арнаның хабарлауынша, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл судың жолды басып қалуы 3 есеге, ал одан келген шығын 2,5 есеге артық болып отыр. Бұл туралы «Қазақавтожол» кәсіпорнының бас директоры Ұлан Әліпов осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына арналған брифингте айтты.
Тасқын салдарынан бұзылған 40-тан астам жол телімі қайта жөнделді. Оған қоса бұзылған жол жиектері мен су өткізу құбырлары да қайта қалпына келтірілген. «Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда – Солтүстік Қазақстан облысында екі жерде жолдан асып төгілуі сақталып отыр. Ол жерде жол қозғалысы шектелген. Кезекшілік бар. Қалған бөліктерде қалпына келтіру аяқталды», – дейді «Қазақавтожол» РМК бас директоры Ұлан Әліпов.