Сыртқы істер министрі Әзірбайжан банкі мен БЖЗҚ арасындағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрі Әзірбайжан банкі мен БЖЗҚ арасындағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрі Әзірбайжан банкі мен БЖЗҚ арасындағы мәселеге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
276
Әзірбайжан банкі мен БЖЗҚ арасындағы мәселені шешуге дипломаттар  тартылуы мүмкін, – деп  хабарлайды 24.kz арнасы. Әзірбайжан банкіне 71 миллиард теңге инвестиция құйған зейнетақы қорының мәселесіне қатысты ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пікір білдірді.  Министрдің сөзінше, жауапты ведомство аталмыш мәселеге қатысты сауал жолданған жағдайда іске араласып, түйткілді мәселенің күрмеуін шешудің жолдарын қарастырады. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71 млрд теңге активі Әзірбайжанның проблемалық Халықаралық банкі облигацияларына салынғаны белгілі болды. Ал күні кеше Мәжіліс депутаттары халық қаржысын талан-таражға салған қордың лауазымды тұлғаларын жауапқа тарту туралы ұсыныс білдірді. «Сауал жолданған жағдайда Әзербайжан Республикасының жауапты құрылымдарымен байланыс орната отырып, мәселені дипломатиялық жолмен шешу жайын қарастырамыз», – дейді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Серіктес жаңалықтары