Жедел жәрдем бригадалары сынға түспек

Жедел жәрдем бригадалары сынға түспек

Жедел жәрдем бригадалары сынға түспек
ашық дереккөзі
323
Астанада жедел жәрдем бригадаларының жарысы өтеді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Бейсенбі күні елордадағы Жерұйық саябағында ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық байқауына дайындық аясында және Астана қаласының медициналық жедел жәрдем жүйесіне халықаралық стандарттарды енгізу Жол картасын жүзеге асыру бойынша жедел жәрдем бригадалары арасында екінші республикалық сайыс өтеді. Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Қызылорда, Өскемен, Орал, Көкшетаудан келген 10 команда өзара кім мықтыны анықтамақ. Жарыс мақсаты – ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып, тұрғындарға жедел көмек көрсету дағдыларын дамыту. Қатысушылар жедел әрекет ету арқылы анафилактикалық шок, жаңа туған сәбиді реанимациялау және жарақат алғанда көмек көрсету бойынша клиникалық бекеттерден өтуі тиіс. Әрбір тапсырма үшін клиникалық станция әзірленген, шынайы жағдай кезіндегідей манекен және стандартталған емделушілерді қолдану арқылы ептіліктерін көрсетеді. Жедел жәрдем қызметінің бригадирлеріне арналған алғашқы жарыс «Астана» оқу-клиникалық орталығының бастамасымен 2016 жылдың маусым айында Қысқы Универсиада-2017 шарасы қарсаңында Алматы қаласында өткізілген болатын. Биыл ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Шара қалалық әкімдіктің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Астана» оқу-клиникалық орталығы, симуляциялық білім беру және медицинадағы тәуелсіз сарапшылар Қазақстан Одағы, Астана қаласының жедел жәрдем станциясының қолдауымен өткізілуде.

Серіктес жаңалықтары