"Анаға апарар жол" Грекияда көрсетілді

"Анаға апарар жол" Грекияда көрсетілді

"Анаға апарар жол" Грекияда көрсетілді
ашық дереккөзі
253
«Анаға апарар жол» тарихи драмасы Афина қаласында көрсетілді, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» кинотуындысының көрсетілімі ІІ дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 72 жылдығы және Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қарым-өатынастың 25 жылдығына арналған шара аясында жүзеге асты. Мәдени шараны Қазақстанның Грекиядағы Елшілігі ұйымдастырған. Фильмнің көрсетілімен келген қонақтар қатарында Грекияның белді қоғам және саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпус, іскер және мәдениет өкілдері, сонымен, қатар бұрынғы отандастарымыз болды. Фильмнің көрсетілімінен кейін жиналған қонақтар Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ең үздік сурет туындыларының көрмесімен танысты. Қатысушылардың барлығы қазақстандық фильмнің  көркемдік деңгейіне тәнті болғандарын жасырмай, еліміздің сурет шеберлерінің жұмыстарымен танысудан зор әсер алғандарын жеткізді. Айта кетейік, «Анаға апарар жол» фильмі өткен жылы жарыққа шығып, көрермендердің жоғары бағасына ие болған. Картина желісі халықтың басына түскен қиын кезеңді суреттейді. Басты кейіпкер Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.

Серіктес жаңалықтары