391
Астанада 2 күн көлік қозғалысы шектеледі
Астанада 2 күн көлік қозғалысы шектеледі
Астанада 30 мамыр мен 1 маусымда көлік қозғалысы уақытша шектеледі, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Арнаның хабарлауынша, жолдар балалар және жастар музыкалық оркестрлері шеруінің өткізілуіне байланысты жабылады. 30 мамыр соңғы дайындық жұмыстарын пысықтау және 1 маусым шеру өтетін күні келесі бағыттар бойынша жолдар жабылады: қала әкімдігі ғимараты алдындағы алаң – Абай көшесі – Республика даңғылы – Кенесары көшесі – Бейбітшілік көшесі – қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаң.
1 маусымда елорда көшелерімен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді. Іс-шара аясында 4000 мыңнан астам қатысушы: барабаншылар, үрмелі оркестр және ансамбльдер, әскери киім киген қолдаушы топ, қаланың жастар және балалар хор және би ұжымдары елорда көшелері мен даңғылдары арқылы жүріп өтеді.
Шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылады. 1 маусымда бір уақытта сағат таңертеңгі 11:00-де еліміздің барлық аймақтары және Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Елордада салтанатты шеру Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.