243
Алматыда келер жылы қоқысты сараптаушы кешен ашылады
Алматыда келер жылы қоқысты сараптаушы кешен ашылады
Алматыда келер жылы қоқысты сараптаушы кешен ашылады, – деп хабарлайды 31-арна.
Арнаның хабарлауынша, жыл сайын елімізде 5-6 миллион тонна тұрмыстық қалдық шығады екен. Ен далада бей-берекет шашылып жатқан қоқыс 100 миллион тоннаға жеткен. Ал Алматының өзінде қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт жоқ.
Күн сайын Алматыдан 2000 тоннаға жуық қоқыс шығарылады. Оны жинауға 30 компания жұмылдырылған. Ең ірісі "Тәртіп" акционерлік қоғамы. Кәсіпорын қаладан шыққан күллі коммуналдық қалдықты Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан "Казвестканвершн" компаниясына тиісті ақылы полигонға әкеп жояды. Ал оның шығынын тұрғындар төлеп отыр. Бұл ретте Алматы әкімдігі келер жылдан бастап қоқысты қаладан шығармай өңдеуге мүмкіндік туатындығын айтып отыр. Келер жылы Алматы қаласының Алатау ауданында қоқысты сараптаушы кешен ашылады деп жоспарлануда. Бұл кешенде күніне 3500 тонна қоқыс қабылданатын болады.
Ал көшелерді реттестіріп, қатты тұрмыстық қалдықты тазарту үшін жергілікті бюджеттен жылына 6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді екен.