2021 жылға қарай қой етінің экспорты 10 мың тоннаға жетпек

2021 жылға қарай қой етінің экспорты 10 мың тоннаға жетпек

2021 жылға қарай қой етінің экспорты 10 мың тоннаға жетпек
ашық дереккөзі
190
2021 жылға қарай қой етінің экспортын 10 мың тоннаға жеткізу жоспарда бар, – деп хабарлайды 24. Kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары мәлімдеді. Төлеутай Рақымбековтың айтуынша, өткен жылы 191 тонна отандық өнім шетел нарығында саудаланған. Жалпы, елімізде жылына шамамен 150 мың тонна қой еті өндіріледі. Ал қазақстандықтар 110 мың тонна қой етін тұтынады. Демек шаруалар жылына 30,40 пайыз өнімді артығымен орындап отыр. Мамандардың болжамынша, осы артылып қалатын 30,40 мың тонна қой етін шетел нарығына шығаруға мүмкіндік мол. «Біздің экспорттық әлеуетіміз зор. Қазірдің өзінде Араб әмірліктері мен Кувейтке қой етін тасымалдай аламыз. Сондай-ақ Израильмен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Өйткені, Израиль тарапы қазақстандық өнімге қызығушылық танытып отыр», – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Төлеутай Рақымбеков.

Серіктес жаңалықтары