Тәжірибе мен инновация табысқа жеткізеді

Тәжірибе мен инновация табысқа жеткізеді

Тәжірибе мен инновация табысқа жеткізеді
ашық дереккөзі
386
   ШҚО әкімдігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Облыс әкімі Даниал Ахметов Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсеткен мақсат-міндеттерді орындауда алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орнымен серіктестік орнатудың өзектілігін атап өтті. Өз кезегінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов оқу орнының ғылыми, білім беру және инновациялық қызметіндегі жетістіктері жайлы баяндады. – Университет қызметі бүгінде сандық Қазақстанды дамытуға және оқу процесіне алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге бағытталған. Осы тұста өңірлермен бірлесіп қызмет ету және жас дарындарға қолдау көрсетудің маңызы зор, – деді ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов. Даниал Ахметов пен Ғалымқайыр Мұтанов өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында облыс мектептерінің оқушылары университеттің «Виртуалды академиясында» білім алуға, ҚазҰУ бастамасымен іске қосылған ашық білім беру Ұлттық платформасының онлайн курстарынан сабақ алуға мүмкіндік алады. Сонымен қоса ҚазҰУ оқытушылары инновацияларымен Шығыс Қазақстандық әріптестерімен бөліседі. Бірлесіп жұмыс істеу университет базасында облыстық білім беру мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, дайындауға, қайта дайындауға, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар мен көрмелер ұйымдастыруға, ұстаздарға арнап кітап авторларының қатысуымен курстар өткізуге мүмкіндік береді. Университет студенттері Шығыс Қазақстанның кәсіпорындары мен мекемелерінде тәжірибеден өтуге жіберіледі және түлектерге жұмысқа орналасуға көмектеседі. ШҚО оқушыларына al-Farabi.kz атты ғылыми-көпшілік білім беру журналы қолжетімді, ал облыстың ең үздік ұстаздары сайт бетінде тәжірибесімен бөліседі. Одан бөлек, оқушылар әл-Фараби Республикалық олимпиадасына қатыса алады, ал университет ғалымдары дарынды оқушыларды өз қамқорлығына алып, ғылыми-зерттеу жобаларына тартатын болады.  

Серіктес жаңалықтары