АҚШ баллистикалық зымыранға қарсы қаруды сынақтан өткізді

АҚШ баллистикалық зымыранға қарсы қаруды сынақтан өткізді

АҚШ баллистикалық зымыранға қарсы қаруды сынақтан өткізді
ашық дереккөзі
278
АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымыранға қарсы қаруды сынақтан өткізді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Калифорниядағы әуе базасынан ұшырылған құрылғы Маршалл аралдарынан жіберілген зымыранды атып түсірді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, сынақ Солтүстік Кореяның әрекетіне байланысты алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Өйткені Пхеньян баллистикалық зымыран ұшыруды тоқтатпай, АҚШ-қа соққы беруге дайын екенін мәлімдеген еді. Ал бірер күн бұрын әуе шабуылына қарсы жаңа жүйені сынақтан өткізді. Айта кетейік, Корей түбегі қазір әлемдегі ең шиеленіскен аймақтың біріне айналып отыр. Себебі Пхеньян зымырандар сынаумен қатар ядролық бағдарламасын да тоқтатпай келеді. Осыған байланысты АҚШ мәселені шешу үшін Қытайдан қолдау көрсетуін сұрап, өңірде теңіз күштерін шоғырландыра бастаған.

Серіктес жаңалықтары