Аула сыпырушылар арасында байқау жарияланды

Аула сыпырушылар арасында байқау жарияланды

Аула сыпырушылар арасында байқау жарияланды
ашық дереккөзі
526
«Нағыз Алматы» қоғамдық қоры  дәстүрлі ең үздік аула сыпырушы байқауын жариялады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының қылқалам ұстаған студенттері аула сыпырушылардың суреттерін салды. «Негізгі ой – қоғам назарын осы қарапайым жандардың еңбегіне және қаладағы тазалық мәселесіне аудару» дейді шараны ұйымдастырушылар. Айлық ақысы 40 мың теңгеден аспайтын тазалық сақшыларының еңбегі еш кетпесін десеңіз, қоршаған ортаны ластамаңыз. Биыл ең үздік аула сыпырушы байқауының жүлде қоры – 650 мың теңге. Бірінші орынды иеленген аула сыпырушыға 200 мың теңге сыйақы тағайындалған. Өтініш беру маусымның біріне дейін қабылданады. Әзірге байқауға қатысуға 150 адам ниеттеніп отыр. Ал дауыс беру онлайн жүйесі арқылы «Нағыз Алматы» қоғамдық қорының әлеуметтік парақшасында тамыздың 1-іне дейін жүргізіледі. «Тұрғындардың дауысын ең көп жинаған 30 аула сыпырушы бауқаудың үшінші кезеңіне өтеді. Арнайы құрылған тексеру тобы олардың жұмысын бағалайды. Бағалау жасырын өткізіледі. Сөйтіп, тамызда ең үздік аула сыпырушылардың үштігі анықталады», – дейді «Нағыз Алматы» қоғамдық қорының директоры Анастасия Кирясова.

Серіктес жаңалықтары