239
100 жетімдер үйіне пинг-понг ойнауға 100 теннис үстелі табысталады
100 жетімдер үйіне пинг-понг ойнауға 100 теннис үстелі табысталады
Бүгін «Бауыржан» қайырымдылық қоры Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы, Қазақстан Республикасының үстел теннис федерациясымен Қазақстандағы алғаш рет өткізіліп отырған балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында пинг-понг турнирінің басталғанын баспасөз конференциясында жариялады.
– Қорымыздың 13 жылдық тарихында «Пинг-понг ханшайымы» турнирінің қадам басуы баршамызға көптен күткен бастама болды. Әсіресе, спортқа оның ішінде үстел теннисінен балалар үйлерінің жас қыздары үшін арман ғана емес, өз бақтарын сынауға мүмкіндік берер үлкен жоба. Жеңімпаздарымызды Қытай еліне жіберудің де бірден бір мақсаты- оларды спорт көкжиегіне жетелеп ындаландыру болып табылады, - деді жоба үйлестірушісі Майра Альжанова өз сөзінде:
«Пинг-понг ханшайымы» турнирінің алғашқы іріктеу ойындары Қазақстанның барлық аймақтарында шілде айының 3 -28 күндері. Ал финал ойындары тамыз айының 22 -24 аралығы Алматы қаласында өтеді. Пинг- понг ханшайымдарына Қытай еліне барып танымал спорт саңлақтарынан шеберлік сыныбынан өту мүмкіндігі беріледі.
«Бұл турнир әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етері сөзсіз. Себебі, балалардың жеңіске деген зор талпынысы, сенімі бар», - деді ҚХР саяси бөлімінің басқарушысы Чжан Сяоцин.
«Пинг-понг ханшайымы» деп аталатын бұл әлеуметтік жоба Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында Қытай еліне баруға мүмкіндік беретін үстел теннисінен турнирі. Турнир қортындысы бойынша жеңімпаздар Пекин қаласындағы спорт академиясының жаттықтырушыларынан үстел теннисінен арнайы шеберлік сыныбынан өтуге мүмкіндікке ие болады.
«Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Андрей Желтиков өз сөзінде: «Біз осындай керемет турнирді ұйымдастырып отырған «Бауыржан» қорын осындай жобаға ат салысуға мүмкіндік бергендеріне алғыс білдіреміз. Спорт- келешегі кемел іс. Сондықтан, біз әрдайым осындай мақсаты мен болашағы жарқын жобаларды қолдауға әзірміз», - деді.
Сондай-ақ, турнир ұйымдастырушылары бұл жобаны қазақстандық жастардың арасында спортқа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында еліміздің түкпір-түкпіріндегі 100 жетімдер үйіне 100 теннис ойнайтын үстел мен жабдықтарымен қамтамасыз етеді. Бір ай көлемінде барлық балалар үйлеріне теннис үстелдері орнатылып, болашақта балалар үйінің тәрбиеленішілері олимпиадалық спорт түріне енетін үстел теннисін ойнап жаттығуға зор мүмкіндікке ие болады.
ҚР үстел теннисі федерациясының атқарушы басшысы Мәлік Бейсалиев: "Өз тарапымыздан турнирдің барлық кезеңдерінің жоғарғы деңгейде өтуіне ат салысамыз. Финал ойындарына арнайы зал дайындап, кәсіби төрешілерді шақырамыз. Себебі әр бастама кәсібиліктен басталса келешекте сапасы мен деңгейі қарқынды болады" - деп атап өтті.
Турнир қыздар арасында 2-жас ерекшеліктері бойынша өтеді: 7– 10 жас пен 11 – 15жас аралығы. Жарыс 11 ұпайға дейін саналатын 3- партиядан өтеді.
Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеевіріктеу ойындарын басты назарда болатынын атап өтті. «Нұр Отан» партиясы барлық игі бастамаларды қолдауға тырысады. Өз тарапымыдан ақпараттық және әкімшілік қолдау көрсетіп барлық аймақтарда жаңа тұсауы кесілген жобаның сәтті өтуіне өз ықпалымызды тигіземіз», - деді ол.
Турнирдың басты мақсаты – жетім балалар арасындағы үстел теннисі дарындарын тауып, қазақстандық теннис деңгейінің артуына біршама үлес қосуды мақсат тұтады. Баспасөз-конференциясы турнирдің салтанатты түрде ашылуымен Алматы облысының №1 балалар үйіне алғашқы теннис үстелін табыстау рәсімімен жалғасты. Шара барысында алғашқы ойын өткізіліп болашақ пинг-понг ханшайымдары сыналды
Султан Матымов
Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті