Йеменде тырысқаққа шалдыққандар саны 300 мыңнан асуы мүмкін

Йеменде тырысқаққа шалдыққандар саны 300 мыңнан асуы мүмкін

Йеменде тырысқаққа шалдыққандар саны 300 мыңнан асуы мүмкін
ашық дереккөзі
231
Алдағы уақытта Йеменде тырысқаққа шалдыққандар саны 300 мың адамнан асуы мүмкін,  – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Мұндай ақпаратты таратқан ЮНИСЕФ мамандары қазір жағдайға алаңдаушылық танытып отыр. Өйткені күн сайын аты жаман ауруды кемінде 3 мың тұрғын жұқтырып жатыр. Сорақысы сол, науқастардың тең жарымы балалар. Ал кеселден көз жұмғандар саны жарты мыңнан асып жығылады. Осы ретте халықаралық қауымдастық өкілдері «індеттің көрші елдерге таралып кетуі ықтимал» деп ескерту жасады. Айта кеткен жөн, Йеменде 2014 жылдан бері үкімет жасағы мен көтерілісші хуситтер арасында қарулы қақтығыс толастамай тұр. Жағдайдың ушығуына осы жайт себеп. Өйткені атыс-шабыстан сумен қамтамасыз ету жүйелерінің көбі қирап қалған. Соның салдарынан халықтың үштен екісі таза ауызсуға жарымай отыр. Ол аздай, текетірестерге байланысты бүгінде елде бар ауруханалардың жартысынан көбі жұмыс істемейді. Гуманитарлық ұйымдар қол ұшын созудан кетер емес. Алайда ақша тапшы. Екіншіден, қарулы қақтығыстар кесірінен көп аудандарға қатынау мүмкін болмай тұр.

Серіктес жаңалықтары