Алматы - бизнес жүргізуге ең қолайлы қала

Алматы - бизнес жүргізуге ең қолайлы қала

Алматы - бизнес жүргізуге ең қолайлы қала
ашық дереккөзі
520
Алматы бизнес жүргізуге ең қолайлы қала болып тіркелді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Бұл Дүниежүзілік банк тобының жасаған Қазақстанда бизнес жүргізудің субұлттық рейтингісінің нәтижесі. Аймақтардағы кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесі төрт негізгі көрсеткіш бойынша бағаланған. Ол кәсіпорынды тіркеу, құрылысты жүргізуге рұқсат алу, электр қуатымен қамту жүйесіне қосылу және жылжымайтын мүлікті тіркеу. Байқау еліміздегі кәсіпкерлік ең жақсы дамыған 8 қаланың арасында жүргізілді. Рейтингтің алғашқы орындарында сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Павлодар мен Шығыс-Қазақстан аймақтары тұрса, Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстары мен Астана қаласы рейтингтің соңғы сатыларына жайғасқан. Мамандардың айтуынша, болашақта кәсіпкерлік климат еліміздің барлық өңірлерінде бағаланады. «Біреу бірінші орын алады, ол деген жақсы-жаман деген емес, ол деген жұмыс. Бүкіл дүниежүзінде 189 мемлекет бар сол рейтингте. Ол деген инвесторлардың шешім қабылдауына, қайда инвестиция салуына әсер ететін, ықпал ететін өте маңызды нәрсе», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары