Мәдениет және спорт министрлігі 8 түрлі байқау ережесін жариялады

Мәдениет және спорт министрлігі 8 түрлі байқау ережесін жариялады

Мәдениет және спорт министрлігі 8 түрлі байқау ережесін жариялады
ашық дереккөзі
583
Байқау Қазақстан халқы тілдерінің XVII республикалық фестивалі аясында жарияланып отыр. Биылғы сайыс 8 түрлі аталым бойынша өткізіледі, - деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті.

Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылады. Үміткерлер әуелі өңірлік деңгейдегі байқауда бақ сынайды. Ал, алғашқы сыннан өткендер Астана қаласында өтетін респбуликалық байқауға қатысады. Әрбір байқаудың өзіндік ержесі бар.

Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті ұйымдастырып отырған байқаулар «Абай оқулары»«Ой-сана» орыс тілі білгірлері VIІ республикалық байқауыОралхан Бөкей атындағы ХVІІ көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы«Тіл мерейі» республикалық байқауы«Тіл – парасат» орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің байқауы«Тіл – тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы«Тіл шебері – 2015» жастар арасындағы республикалық конкурсы сынды аталымдар бойынша өткізіледі.

Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Тіл мен әдебиет, педагогика  салаларының  ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұратын қазылар алқасының құрамын Комитет анықтамақ.

Серіктес жаңалықтары