Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру
ашық дереккөзі
464

Заңға сәйкес, аударымдар (ұстанымдар) мен жарналарды аудару ай сайын жүргізіледі.

Сонымен қатар, ӘМСҚ төлем жасаушылар қатарын келесі тұлғалар қатарымен толықтыру жоспарлануда: Шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен оларға теңестірілген өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің мекемелерінде жұмыс істейтін тұлғалар; Халықаралық және қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен қорларда (халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанның салық агенті болып табылмайтын) жұмыс істейтін тұлғалар; 2017 жылдың 1 шілдесінен олар аударылған ТАБЫСЫНЫҢ 5 пайызы мөлшерінде жарна төлейді. Белсенді емес тұрғындар, соның ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтушы басқа да азаматтар санаты; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұруға кеткендерді қоспағанда, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫСҚАРЫ ЖЕРЛЕРДЕ КЕТКЕН АЗАМАТТАР. Олар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінен  5% төлейді.

Міндетті медициналық сақтандырудың мерзімінің өзгеруіне байланысты не білу керек?

2016 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы  бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, мемлекеттің Қорға төлем жасауы 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына шегерілді. Жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, жеке медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатындардың жарна төлеу мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін шегерілді. Жалдамалы жұмыскерлердің Қорға жарна төлеу мөлшері бұрынғыша 2019 жылдан жүзеге асады. Жеке тұлғалардың ӘМСҚ аясында медициналық көмек алуға құқы, денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы, ӘМСҚ жүйесі аясында алатын медициналық көмек ауқымын анықтау 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Бұл уақыт ішінде Қор құрылып, оның филиалдары ашылады, денсаулық сақтауға кететін шығындар республикалық деңгейде шоғырланады және Қор медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алу бойынша бірыңғай стратегиялық сатып алушы ретінде жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына белгіленген  екі ең төменгі жалақы мөлшерінен  5%-ды құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатарына Заң бойынша жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатын жеке тұлғалар жатады. Сақтандыру аударылымдары мен жарналары Қорға келесі табыс түрлерінен ұсталмайды: іссапарлар және жұмыстың жол жүру сипатына арналған өтемақы; қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы; Бюджет қаржысынан жұмыскерлердің жол шығындары, олардың оқуына, жәрдемақыларына жұмсалған қаржылар, өтем­ақылар; оңалтуға арналған демалысқа төлем, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеуге төлемдер, 8 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері шеңберіндегі баланың тууына байланысты, жерлеуге байланысты төлемдер; Шәкіртақылар; Сақтандыру сыйақылары;    

Серіктес жаңалықтары