Энергетика министрлігі жаңа экономикалық жаңғыруды енгізбек

Энергетика министрлігі жаңа экономикалық жаңғыруды енгізбек

Энергетика министрлігі жаңа экономикалық жаңғыруды енгізбек
ашық дереккөзі
331
Қазақстан Энергетика министрлігі жаңа экономикалық жаңғыруды енгізбек, – деп хабарлайды  24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, мұндай бастама энергетикалық саланың стратегиялық маңыздылығын сақтап қалуға және мұнай-газ кешенінің, соның ішінде геологиялық барлау саласының дамуына жаңа серпін қосуға мүмкіндік береді. Жаңа бастамалар 500 күн ішінде тағы 11 жобаны бастауды көздеген. 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 107,3 млн тоннаға дейін, газ өндіру көлемін 77 млрд текше метрге дейін арттыруды жоспарлаған. Бағдарламада ағаттық кетпесе, 2050 жылға дейін Қазақстанға 30 дамыған елдің қатарына кіруіне мүмкіндік береді. «Ағымдағы жылы 5 айдың ішінде мұнай-газ саласының дамуы жақсы нәтижелерді көрсетіп жатыр. Оның динамикасын одан әрі ұлғайту, сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу біздің басты міндетіміз болып табылады. Экономиканың жаңа моделін қалыптастырып, Елбасының тапсырмалары орындалуда», – дейді  ҚР Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов.

Серіктес жаңалықтары