287
Баспана аларда аумақтың қылмыстық деңгейін анықтау кімдерге тиімді?
Баспана аларда аумақтың қылмыстық деңгейін анықтау кімдерге тиімді?
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Krisha.kz сайтымен бірлескен арнайы жоба – Қазақстан Республикасының интерактивті қылмыстық картасының іске қосты. Алайда, тұрғылықты аумағының қылмыстық деңгейінен алаңдаған тұрғындар жылжымайтын мүлкін сатуда кедергілерге ұшыраймыз деп отыр.
Krisha.kz сайтында Қазақстанның кез-келген қаласында 1 метрге дейінгі нақтылықпен баспананың немесе тұрғын үй кешенінің, ауданның қылмыстылық деңгейін бақылауға болады. «Осы жоба арқылы біз қазақстандықтарға әлемдегі жетекші елдерде баламасы жоқ сервис ұсындық. Келешекте осындай сервисті Kolesa.kz сайтында да жүзеге асырмақпыз», - дейді ҚР прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.
Баспана алушылар таңдауы түскен тұрғын үйдің аумағындағы тыныштықты бірегей сервистен анықтай алады. «Біз қазақстандықтарға жылжымайтын мүлікті алған уақытта немесе жалға алған кезде дұрыс шешім қабылдау үшін мүмкіндігінше пайдалы ақпарат беруге тырысамыз. Азаматтар баспана іздей отырып, осы не басқа үйде немесе аудандағы жағдайдың қаншалықты тыныш екендігін және алдын-ала қандай қауіпсіздік шараларын қолға алу қажет екендігін біле алады» - деді порталдың директоры Николай Бабешкин.
Бұл картада қылмыстар туралы жедел ақпараттар әр сағат сайын жаңартып отырмақ. Алайда, бірегей жоба ретінде таныстырылған интерактивті қызметтің ұсынатын мәліметтері баспана сату мен пәртелерді жалға берудің бағасына әсер етеуі ықтимал екендігі де айтылды. Сондай-ақ, интерактивті карта аумақтағы қылмыстарды анықтап ақпарат ұсынған соң ондағы байырғы тұрғындардың алаңдаушылығын туғызбай ма деген заңды сұрақ туындайды. «Бұл Krisha.kz сайтынынң қылмыстық деңгейді анықтайтын интеративті картасы менің оймша заңдық тұрғыдан дұрыс шығар, бірақ аймақтағы тұрғындарға тиімсіз. Өйткені, қылмыстық деңгейі көп ауданды сатып алушы немесе жалға берушінің жеке кәсібіне зияны тиюі мүмкін ғой. Мысалы, қылмыстық деңгейі көп аймақтағы тұрғын үйімді қалай сатамын, сатып алушылар картаны көріп бас тартса несеймін?!», - дейді Алматы қаласының тұрғыны Болат Шайманов. Сондай-ақ, тұрғындар аталған жоба аясында аудандар мен аулалардағы қылмыстық деректерді ұсынумен қатар құқық қорғау органдары және учаскелік полиция тарабынан қылмыстың жойылғандығы туралы немесе тұрақсыздықтың қанша уақытқа созылғатындығы да ұсынылуы қажет екендігін айтады. Алайда, тұрғындардың бұл пікірмен заңгерлер келіспейді. «Қазақстан Республикасының Конституциясының 21 бабының талаптарына сәйкес әр азамат ел аумағында ерікті жүріп-тұруға және тұрғылықты мекен жайын ерікті таңдауға құқылы. ҚР азаматтық кодекісінің 380 бабына сәйкес азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті. Қылмыстық аймақтарда тұру және тұрмауға, сатып алу немесе сатуға ешқандай заңды тұрғыда шектеу жоқ деп санаймын», - дейді Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, заңгер Тимур Рахымбай. Сонымен қатар заңгер керсінше қылмыстық деңгейі жоғары немесе көп аймақтарда жергілікті полицилердің жұмыс сапасы жоғарлайды деп есептейді.
Рүстем ПЕРДЕБЕК