Отбасы татулығы - кемел келешектің бастауы

Отбасы татулығы - кемел келешектің бастауы

Отбасы татулығы - кемел келешектің бастауы
ашық дереккөзі
302
Заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсіреповтің: «Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш біткен ұрығын ығына қарай төгеді. Адам баласы аялы алақанда ержетіп, қоғамның шылауында тәрбиеленеді» деп айтқаны бар. Осы тұрғыдан келгенде қазақ елі өз тәуелсіздігінің 25 жылында ел іргесін толық бекемдеуден өткізіп, әлеуметтік-экономикалық саладағы жаңғыруларды ұрпақ тәрбиесімен орайластыра жүргізіп келеді. Құқық қорғау органдары, оның ішінде прокуратура органдарының да бұл мәселеге айрықша көңіл бөліп отыруы тегіннен тегін емес. ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен қолға алынған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық пилоттық жобаның өз көтерер жүгі, айқын мақсаты бар. Онда көзделген іс-шаралар жастарға, келешек жеткіншекке салауатты өмір салтын насихаттаумен бірге, оларды өнерге, спортқа баулып, қызығушылықтарын арттыруды мақсат тұтады.  width= Бас прокуратураның ұйымдастыруымен Сарыағаш қаласы және Жібек жолы ауылдық округтерінде өткізілген «Толағай» атты отбасылық жарыс пен «Бір атаның балалары» деп аталатын кіші футбол турнирі көпшіліктің көңілінен шықты. Жазғы демалыста жүргеніне қарамай ауданның барлық мектептерінен келіп қатысқан оқушылар намысты додада бақ сынасып, ата-аналары мен ұстаздарын қуанышқа бөледі. «Толағай» тартысында 1-ші орынды «Қызылжар» ауылынан Тұрдықұловтар отбасы иеленсе,  2-ші орынды «Жартытөбе» ауылынан Қамановтар отбасы, 3-ші орынды «Жібек жолы» ауылының тұрғындары Смановтар отбасы жеңіп алды.  width= Пилоттық жобаның аясында өткізілген іс-шараға республикамызға ғана емес, әлемге аты танымал спортшыларымыздың келгені жері жәннат, суы емге шипа Сарыағаш өңірінің халқын елең еткізгені анық. Атап айтар болсақ олар: күрестен «Қазақстан Барысы» кубогының жүлдегері Жұманазар Ерсұлтанов, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов, қол күресінен әлемнің, Азия біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпаздары Шыңболат Райханов пен Мағжан Шәмиевтер еді. Атақты спортшыларымыз жас жеткіншектермен бірге өнер көрсетіп қана қоймай, естеліктер айтып, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. «Спортта жетістікке қол жеткізу үшін алдымен өз еліңнің, содан кейін өзге де мемлекеттердің тарихын білу керек. Спорттың арқасында талай керемет жерлерді көресің. Спорт қашанда бастаған ісіңді соңына дейін жеткізуге үндеп, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке үйретеді» - дейді спортшылар.  width= Қазіргі уақытта бұл пилоттық жоба Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Шымкент қаласының Абай аудандарында іске асырылып, тың ойларға серпін беруде. Алдағы кезде отбасылық құндылықтарымызды сақтап, дәріптейтін жаң заң жобасының қабылдануына осы өткізіліп жатқан іс-шаралардың септігі тиуі әбден мүмкін. Спорт баланың бойына өзіне деген сенімділік береді, ұйымшылдыққа, жауаптылыққа, көпшіл болуға бастайды. Балаларды теріс жолға түсуден қорғап, құқық бұзушылыққа барудан сақтайды. Пилоттық жоба аясында жазылған ән шумақтарында: Болашаққа жол ашатын баянды, Іңкәр сезім отбасында оянды. Ұмытпаймын қай қиырда жүрсем де, Мейірімге толы сенің саяңды,- деген жолдар бар. Бұл спортты сүйген, сергектікті серік еткен әрбір жас жеткіншектің отбасына, Отаны мен туған халқына деген адал сезімі болса керек. Сондықтан осындай іс-шаралар балалар арасында ғана емес, ата-аналардың ортасында да өткізіліп жатса, оның берер пайдасы бола түседі. Спорт балаларды теріс жолға түсуден қорғап, құқық бұзушылыққа барудан сақтайтыны сөзсіз.  

Бас прокуратураның жұмыс тобы

Серіктес жаңалықтары