Сирия келіссөзіне АҚШ өкілі қатыспақ

Сирия келіссөзіне АҚШ өкілі қатыспақ

Сирия келіссөзіне АҚШ өкілі қатыспақ
ашық дереккөзі
307
Астанадағы Сирия келіссөзіне АҚШ өкілі қатысады, – деп хабарлайды Астана арнасы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып. Астана қаласында өтетін Сирия келіссөзінің кезекті раундына АҚШ өкілі қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Американың жоғары лауазымды өкілі Астана процесіне бақылаушы ретінде қатыспақ. Айта кетейік, Сирия келіссөзінің кезекті жиыны шілденің 3-і мен 4-іне жоспарланған. Оған Ресей, Түркия, Иран, Иордания мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да келетінін растаған. Бұған дейін Астана процесінде Ресей, Иран, Түркия қауіпсіздік аймағын құру туралы меморандумға қол жеткізді. Енді осындай тағы төрт аймақ құрылуы мүмкін. Бұл аймақтарда қару қолдануға тыйым салынып, гуманитарлық жүк жеткізу көзделген.

Серіктес жаңалықтары