1 шілдеден бастап сұйылтылған газ бағасы көтеріледі

1 шілдеден бастап сұйылтылған газ бағасы көтеріледі

1 шілдеден бастап сұйылтылған газ бағасы көтеріледі
ашық дереккөзі
291
1 шілдеден бастап сұйытылған газдың көтерме саудадағы бағасы 34 319 теңгеге көтеріледі, – деп хабарлайды Астана арнасы. Тиісті бұйрыққа Энергетика министрі қол қойған. Мұны "Казахстанская правда" газеті жариялады. Аталған баға биыл 30 қыркүйекке дейін сақталады. 2-тоқсанмен салыстырғанда сұйық отынның құны 8,6 пайызға көтеріліп отыр. Алдағы уақытта көлік салығы жанармай бағасына қосылуы әбден мүмкін. Халық алдында есеп берген бас қаржыгер Бақыт Сұлтанов осылай деді. Қаржы министрінің айтуынша, қазір аталған бағытта талқылаулар жүріп жатыр. «Бұл жанармай бағасына тікелей әсер етеді. Сондықтан мәселені жан-жақты қарастыру керек. Қазір біз бизнес өкілдерімен кездесіп, талқылап жатырмыз. Тиісті есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жанармай қымбаттаса, басқа да салаларға әсер етпей қоймайды», – дейді  ҚР Қаржы министрі   Бақыт Сұлтанов.  

Серіктес жаңалықтары