«Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары анықталды
«Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары анықталды
Әскери салдағы қыз-келіншектер арасында өткен «Батыр арулар» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі. 120-дан астам үміткеер қатысқан сұлулық сайысынан 12 жеңімпаз атанды.
Ресми марапттауға дейін байқау финалисттері дала жағдайында әскери тәсілдер мен жаттығуларды орындап, әскери дайындығын көрсетеді. Олар әрдайым жауынгерлік әзірлікте екенін, өздеріне жүктелген міндеттерді әрқашан сәтті орындайтынын дәлелдеулері керек. Сонымен бірге байқау жеңімпаздары әлі кәсіби стилистердің қолынан өтіп, әр бетін «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары көріктендіретін арнайы күнтізбеге арналған фотосессияға қатысады делінген министрлік хабарламасында. Ал үміткерлерге онлайн дауыс беру 1-сәуірден 10-мамырға дейін Қорғаныс министтрлігінің сайтында жүргізілген. Онлайн дауыс жинаудың рекордтық деңгейі 255 725 дауысқа жеткен.